«Нұр-Сұлтанда тікұшақпен дәрі-дәрмек себіледі» деген ақпарат – жалған

«Нұр-Сұлтанда тікұшақпен дәрі-дәрмек себіледі» деген ақпарат – жалған

Бүгін Нұр-Сұлтанда дезинфекция жүргізу үшін түнгі уақытта дәрі-дәрмектер себілетіні туралы хабарлама жалған екені нақтыланды, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі. Елорда тұрғындары WhatsApp мессенджерінде осындай хабарламалар тарала бастаған.   «Бүгін сағат 23.00 мен таңғы 5.00 аралығында қалада дезинфекция жүргізу үшін тікұшақтан дәрі-дәрмектер себіледі. Барлық терезе мен балкон жабық болуы тиіс, сағат 23.00-ден кейін далаға шығуға болмайды. Әскери бөлімдегілер осылай деді» делінген жалған хабарламада. Айта кетейік, коронавирусқа байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласын жабуы мүмкін екенін ресми өкіл айтқан болатын.