Шымкент қаласының әкімі М. Әйтеновтің тапсырмасы бойынша қаладағы бірнеше тігін кәсіпорны бүгіннен бастап медициналық маскаларды тігуді бастады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Солардың бірі - "Гауһар" тігін фабрикасы. Аталмыш фабриканың жұмысымен бүгін шаһар басшысы арнайы келіп танысты. Мұнда 450 қызметкер күніне 500 мың масканы тігуге мүмкіндігі бар. Осылайша қала тұрғындарының сұранысы толық қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ, маскалардың бағасы тұрақты бағамен сатылады.