Елордада балабақшалар уақытша жабылады
Елордада балабақшалар уақытша жабылады
441
оқылды
Қалада карантин режимінің енгізілуіне байланысты ертеңнен бастап Нұр-Сұлтандағы барлық балабақша, үйірмелер жұмысын уақытша тоқтатады, - деп мәлімдеді  шаһар басшысы Алтай Көлгінов баспасөз мәслихатында. Қала әкімі маска тапшылығы мәселесін болдырмау үшін «СК-фармация» мекемесімен бірлесе жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, жуырда қалаға 400 мың дана маска әкелінген. Тағы 1 миллионына тапсырыс берілген. Қазіргі уақытта 32 адамның коронавирустың жаңа түрін жұқтырғаны анықталды. Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимі енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.