Ыстамбұлдан Алматыға ұшып келген 22 жастағы студент қыздан коронавирус анықталған

Ыстамбұлдан Алматыға ұшып келген 22 жастағы студент қыздан коронавирус анықталған

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Қазақстанда коронавирус жұқтырған екі адам туралы мән-жайды айтты. «Науқастың бірі – 1998 жылы туған қыз бала. Студент. Ыстамбұл – Алматы рейсімен 15 наурызда ұшып келген. Екіншісі – 1974 жылғы әйел адам. 10 наурыз күні Мәскеуден Алматыға ұшып келген. Екеуі де қазір стационарда. Жағдайы жақсы», – деді Диас Ахметшәріп. Бүгін Қазақстанда коронавирус анықталғандар саны 35-ке жетті. Оның ішінде 17 факті – Алматыда, 18 факті – Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр. Айта кетейік, бұған дейін маска тапшылығы болмайтынын жазған едік. Масканың бағасына қатысты Қазақстанда маскалардың бірыңғай бағасы белгіленеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. «Бүгін мемлекеттік комиссия маскаларды алып-сатарларды жауапкершілікке тарту мәселесін, әсіресе, Интернетте маска саудасымен айналысатындарды қатаң жазалау туралы шешімді қолдады. Қазір осы мәселе бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, таяуда бағаларды белгілейміз. Біз маскаларды өзіндіік құнынан төмен етіп сатуға мәжбүрлей алмаймыз. Дегенмен маскаларды алып-сатумен айналысқандар айыппұл немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қазір заңгерлермен осы мәселені қарастырып жатырмыз», – деді министр.