Алматыда дәріханаларда ұзын-сонар кезек басталды

Алматыда дәріханаларда ұзын-сонар кезек басталды

Алматыдағы дәріханаларда маска мен антисептиктер жетіспей жатыр, - деп  хабарлайды Tengrinews.kz. Қаланың каратинге жабылатыны туралы хабарланған соң дәріханаларда ұзын-сонар кезек пайда болды. Назарбаев даңғылындағы орталық дәріханада таңертеңнен бері кезекте бір топ адамның тұрғаны байқалады. Әуезов көшесіндегі дәріханада да осындай жағдай. Дәріханадағы сатушылардың айтуынша, тұрғындардың көбі вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер мен С дәруменін сатып алып жатыр. Сондай-ақ, ол маска мен антисептиктің тапшы екенін айтады. Осыған дейін қара түсті маскалар 55 теңгеден сатылған екен. Жаңа маскалар ертең жеткізіледі дейді. https://www.youtube.com/watch?v=cpQhdFHmka4&feature=emb_logo