Тұңғыш Президент Кеңсесінің қызметкерлері бір күндік жалақысын коронавирусқа қарсы күресуге аударды

Тұңғыш Президент Кеңсесінің қызметкерлері бір күндік жалақысын коронавирусқа қарсы күресуге аударды

Тұңғыш Президент Кеңсесінің қызметкерлері бір күндік жалақысын коронавирусқа қарсы күресуге аударды, - деп хабарлады elbasy.kz. Вирус пандемиясына байланысты жағдай барлық қазақстандықтарды біріктірді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы күресу үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне өздерінің бір күндік жалақыларын аударды. Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирустың қаупіне байланысты 19 наурызда сағат 00.00-ден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылатынын хабарлаған болатынбыз. Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 36 адам коронавирус жұқтырған.