Грузиядан қазақстандықтар қайтарылды
Грузиядан қазақстандықтар қайтарылды
203
оқылды
Коронавирус пандемиясы аясында әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты бүгін түнде Тбилисиден Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің қолдауымен еліміздің 143 азаматтарының ұшу рейсі ұйымдастырылды. Жолаушыларды рейске тіркеу және отырғызу барысында азаматтарымыз сабырлық сақтағанын атап өтеміз. Кедендік және шекаралық бақылау рәсімі кедергісіз өтті. Жолаушылар рейстің кешігуіне түсіністікпен қарап, чартерлік рейстің ұйымдастырылуы үшін алғыс білдірді.