Қарағанды қаласында балабақшаға балалардың тек 20 пайызы барып жүр. Балаларды коронавирустық инфекциядан сақтау үшін балабақшаларды уақытша жабу жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда балабақша ғимараттары кварцталып, желдетіліп, барлық жиһаздар дезинфекциялық ерітінділермен сүртілуде.
- Балабақшаларға сәбилердің келуін күн сайын Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері қадағалайды. Олардың мәліметтері бойынша, қазір ол 20% құрайды. Балаларды коронавирустық инфекциядан сақтау үшін балабақшаларды уақытша жабу жоспарланып отыр, – деді департамент басшысы Қанат Асқаров.
Өңір мектептері, колледждер мен жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту форматына көшті. Мектептен тыс білім беру орталықтары, спорт секциялары мен үйірмелер уақытша жабылды.
Ләззат Қожахметова
Қарағанды облысы