Қарағанды облысы бойынша фермерлер Одағының төрағасы Игорь Жабяк 2000 келі картоп, «Волынка» шаруа қожалығының басшысы Данияр Сәкенов азық-түлік жиынтықтарын, ал кәсіпкер Айдын Албақай 5000 келі сиыр етін бөлді.
Ет мына рет бойынша: көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және жалғыз басты қарт адамдарға таратылды. Осылайша 1000 отбасы қамтылды.
«Мен өзім көпбалалы ана болғандықтан, көмек пен қолдаудың қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Ең бастысы, осындай уақытта тек туған-туысқандарымызды ғана емес, бір-бірімізді де сақтауымыз керек», - деді Меруеш есімді көпбалалы ана.Оларға қажетті азық-түлік пен гигиеналық тауарлар ғана емес, ауылшаруашылық өнімдері де жеткізілді. Бұл бастаманы бастаған нұротандықтар «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында тұрғындарға көмек көрсетуді жалғастыруда.