"ҚазМұнайГаздың" 32 қызметкері карантинде жатыр

"ҚазМұнайГаздың" 32 қызметкері карантинде жатыр

"ҚазМұнайГаздың" 32 қызметкері карантинде жатыр. "ҚазМұнайГаздың" ресми хабарламасында 32 адамның екеуі Атырау мен Павлодарда стационарлық бақылауда екені айтылды. Қалған 30 қызметкер үй карантинінде, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Павлодар және Шымкентте болады. "ҚазМұнайГаздың" барлық қызметкерлері шет елдерден келіп, бірден карантинге жатқызылған. Компанияның 8 қызметкері (орталық аппараттың 2 қызметкері және еншілес компаниялардың 6 қызметкері) екі апта оқшауланып, қазіргі уақытта карантиннен шықты, тест нәтижесі коронавирусты анықтаған жоқ. 24 наурыздағы жағдай бойынша, ҚМГ қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясын жұқтырған адам тіркелген жоқ", - деп хабарлады компаниядан. Еске салайық, бұған дейін "ҚазМұнайГаздың" екі қызметкері коронавирусқа күдікті болғаны хабарланған болатын.