Димаш Құдайберген дәрігерлердің әншілерге қарағанда жоғары құрметке лайық екенін айтты

Димаш Құдайберген дәрігерлердің әншілерге қарағанда жоғары құрметке лайық екенін айтты

Әнші Димаш Құдайберген қауіп-қатерге қарамай, коронавируспен ауырғандарды емдеп жатқан дәрігерлерге алғыс айтты. Димаш Құдайберген Instagram парақшасында: «Өзге адамдарға көмектесу үшін басын қатерге тігіп жатқан медицина саласының  қызметкерлеріне шын көңілден алғыс айтқым келеді. Кеше Қазақстанда екі адам коронавирустан емделгені туралы жаңалық оқыдым. Қазақстандағы және әлемдегі барлық дәрігерлерге басымды иемін», – деп жазды. Сондай-ақ, ол медицина қызметкерлерінің еңбегі зор құрметке лайық екенін айтты. «Әншілер мен кино жұлдыздары әрдайым қошеметке ие болады, бірақ меніңше, дәрігерлер одан да зор құрметке лайық. Еліміздегі барлық дәрігердің жалақысы көтерілсе жақсы болар еді», – деп жазды. Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлер мен полицейлерге қосымша сыйақы беруді тапсырған болатын. Мемлекет басшысы: «Халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлер, полиция қызметкерлері мен әскери қызметкерлерге ризашылығымды білдіремін. #Birgemiz!», – деген еді.