Павлодарда тәртіпке бағынбаған 14 мейрамхана иесі бес тәулікке қамалды

Павлодарда тәртіпке бағынбаған 14 мейрамхана иесі бес тәулікке қамалды

Қауіпті індеттің алдын алуға байланысты қолға алынған шараларға көпшілік әлі де жеңіл-желпі қарайтындар бар. Полиция департаменті заңға бағынбаған бірқатар қызмет көрсету орнын анықтап, иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Кейбірі 5 тәулікке қамауға алынды. Төтенше жағдайға қарамай, заң бұзғандар арасында жеке тұлғалар ғана емес, сервистік қызмет көрсету орталықтарының иелері де бар. Мейрамханада той жасағандар қамауға алынып, біразы айыппұл төлейтін болды. Полиция департаменті осы бағыттағы жүйелі жұмыстарды ары қарай  жалғастырады. Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров: «16 наурыздан бастап 51 орын, яғни, сауда үйлері, бутиктер мен кафе, ресторандар және компьютерлік клубтардың иелері төтенше жағдай кезінде санитарлық нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Соның ішінде, 14-і 5 тәулікке қамауға алынды. 8-іне айыппұл салынса, жетеуіне ескерту берілді», – деді.