Коронавирустан қайтыс болған дәрігердің отбасына 10 миллион теңге беріледі

Коронавирустан қайтыс болған дәрігердің отбасына 10 миллион теңге беріледі

Медициналық қызметкер ауырып қалса - арнайы әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 млн теңге, ал қайтыс болған жағдайда - 10 млн теңге бөлінеді, - деп мәлімдеді онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. «Коронавирус өте қауіпті жұқпалы ауру болғандықтан медициналық қызметкерлер де жұқтыруы мүмкін. Осы мәселені қарастыра отырып, медициналық қызметкер ауырып қалса арнайы әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 млн теңге, ал қайтыс болған жағдайда 10 млн теңге бөлінеді. Бұл шаралар өте маңызды, себебі дәрігерлеріміз күндіз-түні үйіне бармай, жұмыс істеуде. Бұл - Мемлекет басшысы тарапынан үлкен қолдау, сол себепті медициналық қызметкерлер атынан алғыс айтамын», - дейді министр. Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 302-ге жеткенін хабарлаған болатынбыз.