Сауда басшысы ескере ме?

Сауда басшысы ескере ме?

Nur Otan партиясы Аты­рау облыстық филиалы «Са­­­­рай­шық» және «Көк­тем» сауда орын­дарын­да­ғы азық-түлік ба­ғасы­ның тұ­рақтылығына жә­не са­ни­тарлық жұмыстардың та­­лап­қа сай орындалуына ба­қы­­лау жасау мақса­тында мо­­ни­торинг жүр­гізді. Рейд барысында жекелеген азық-түлік бағасының қым­бат­та­ғаны анықталды. Сондай-ақ сауда ор­нының басшылығына ескерту жа­салып,  рейд қорытындысы бойын­ша атқарушы органдарға бір­қатар тапсырма беріліп, ұсы­ныс­тар айтылды. Саудагерлер мен қыз­меткерлерге санитарлық та­лап­­тарды қатаң сақтау қажеттігі тап­сырылды. Сонымен қатар азық-түліктің қан­ша артық қоры бар екені белгілі болды. Іс-шара кезінде облыстық ар­найы қордан бөлінетін ұн, күн­ба­ғыс майы, секер, картоп, тауық еті секілді тағамдарды төмен ба­ға­мен алып, халыққа тиімді бағамен ұсынуды түсіндірді. Сау­­­­­да орын­дарындағы сату­шы­лар­дың коро­навирусқа қар­сы сақ­тық шара­ла­рын қолға алып, бет­пер­де та­ғып, қолғап киіп, ан­ти­сеп­тик пай­­да­лануы керек екені қа­таң түр­де ес­кертілді. Азық-түлік бағасына жүргізі­ле­тін мониторинг ал­да­ғы уақытта еліміздің әр айма­ғын­да күшей­тілген режимде жұ­мыс іс­тей­ді. Қала аумағындағы са­у­да орын­дары мен базардағы тауар­­­­лар­дың ба­ғасын қадағалау ба­­­­қылауға алы­нады.  

Абылайхан ЖҰМАШ