Қазақстан Президенті телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жолдайды, - деп мәлімдеді Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
«Бүгін сағат 21:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасайды», - деп жазды ол.