Коронавирустан көз жұмған әйелмен байланыста болған 16 жамбылдық ауру жұқтырмаған
Коронавирустан көз жұмған әйелмен байланыста болған 16 жамбылдық ауру жұқтырмаған
© сурет интернеттен алынды
153
оқылды
Ақмола облысының коронавирустан қайтыс болған тұрғынымен байланыста болған 16 жамбылдықтан алынған талдау теріс  нәтиже көрсетті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Бұған дейін хабарланғандай, 15-18 наурыз аралығында коронавирустан қайтыс болған Ақмола облысының тұрғыны Жамбыл облысының Шу және Меркі аудандарына келіп-кеткен. Медициналық және эпидемияға қарсы қызметтер марқұммен байланыста болған 16 адамды анықтады: Шу ауданында – 10, Меркі ауданында – 6 адам. Олардан коронавирус инфекциясына алынған талдау қорытындысы теріс нәтиже көрсетті. Азаматтардың жағдайы бірқалыпты, инфекция белгілері жоқ. Олар 14 күндік карантиндік стационарға жатқызылған. Келген орындарында медициналық қызметкерлер эпидемияға қарсы қажетті іс-шаралар жүргізді.