Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағандыда дәрігерлер коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағандыда дәрігерлер коронавирус жұқтырды

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағандыда дәрігерлердің COVID-19 жұқтырғанын айтты.
"Өкінішке қарай, бүгінгі таңда еліміздің бірнеше өңірінде медициналық қызметкерлер коронавирус жұқтырды. Олар Алматыда, Нұр-Сұлтанда және Қарағандыда тіркелді", - деді бас санитарлық дәрігер онлайн брифинг барысында.
Мұның алдында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтанда онкологиялық орталықта медицина қызметкерлерінің коронавирус жұқтырғанын айтқан еді. Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда 369 адам коронавирус жұқтырған, 26 адам сауықты, 3 адам қайтыс болды.