Шымкенттегі ауруханада 274 адам карантинде жатыр

Шымкенттегі ауруханада 274 адам карантинде жатыр

Шымкенттің Денсаулық сақтау басқармасы 274 адам ауруханада карантинде жатқанын мәлімеді.

"Тіркелген 14 науқаспен байланыста болған 327 адам анықталды, оның 177-сі жақын араласқан. Стациоарларда карантинде 274 адам, үй карантинінде 53 адам жатыр. Стационарда жатқандардың денсаулығы қанағаттанарлық", - деді Шымкенттің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әбдіманап Түлебаев.  
Айта кетейік, бүгін Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген. Бұл - Қазақстандағы коронавирус індетінен болған алтыншы өлім жағдайы. Ал жалпы COVID-19 жұқтырғандардың саны - 569. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында - 115 адам, Қарағанды облысында - 31 адам, Ақмола облысында - 23 адам, Атырау облысы - 23 адам, Жамбыл облысында - 28 адам, Шымкент қаласында - 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 5 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 10 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 31 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 29 адам, Қостанай облысында - 1 адам анықталды.