Төтенше жағдайда әкімі той тойлап жүрген ауыл карантинге жабылды

Төтенше жағдайда әкімі той тойлап жүрген ауыл карантинге жабылды

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Төңкеріс ауылы карантинге жабылды. Аймақта соңғы күндері анықталған науқастардың екеуі – осы елді мекеннің тұрғындары. Қазір ауылға кіреберіс жолдарға блок-бекет қойылып, залалсыздандыру жұмыстары басталды. Бірінші кезекте науқастардың үйі, ауласы және көше бойы дезинфекцияланады. Науқастармен қарым-қатынаста болған азаматтардың барлығы оқшауланды. Айта кетейік, Қызылорда өңірінде коронавирус жұқтырғандар саны 31-ге жетті. Соңғы анықталған 3 адамның екеуі жоғарыда айтқан Шиелі аумағынан болса, біреуі – Қармақшы ауданының тұрғыны. Облыста коронавирус жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған 740 адам анықталған. Оның 254-і карантинде, 486-сы үй жағдайында бақылауда. Еске сала кетейік, бұған дейін Төңкеріс ауылының әкімі төтенше жағдай кезінде тойға барғаны үшін қызметінен кеткенін жазған болатынбыз.