Қала сыртындағы үйіне демалуға барған Денсаулық сақтау министрі карантин талабын бұзғаны үшін отставкаға кетті
Қала сыртындағы үйіне демалуға барған Денсаулық сақтау министрі карантин талабын бұзғаны үшін отставкаға кетті
Фото: Интернеттен алынды
238
оқылды
Шотландияның Денсаулық сақтау министрі Кэтрин Кэлдервуд елде COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында енгізілген төтенше жағдай режимін бұзғандықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдады, – деп жазады Reuters. Басылымның жазуынша, отандастарына үйде отыруға кеңес берген Денсаулық сақтау министрі қала сыртындағы үйіне демалуға барған. Оны The Scottish Sun басылымының журналистері суретке түсіріп алған. Кейінірек оның төтенше жағдай режимін екі рет бұзғаны анықталған.   [caption id="attachment_33530" align="alignnone" width="800"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] «Жасаған әрекетім үшін қатты өкінемін. Бүгін Шотландияның бірінші министрі Никол Стерджбен телефон арқылы сөйлестім. Біз менің бұл әрекетімнің коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында жұмыс істеп жатқан үкімет пен медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірдім», – деген министр өз еркімен қызметінен кетті.