Порье өзінің соңғы кездесуін отандасы Макс Холлоуэйге қарсы өткізіп жеңіске жеткен
Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нұрмагомедовтың келесі қарсыласы мен жекпе-жек өткізетін орыны анықталды.
Хабиб октагонға 7 қыркүйек күні Әбу-Дабиде өтетін UFC 242 турнирінде қайта оралмақ. Ол сол жолы америкалық Дастин Порьемен төбелеседі. Порье өзінің соңғы кездесуін отандасы Макс Холлоуэйге қарсы өткізіп жеңіске жетіп, UFC уақытша чемпионы атанған. Бұл атаққа қол жеткізуі Порьенің Хабибке міндетті қарсылас атануына мүмкіндік берді.
Еске салсақ, Нұрмагомедов осыған дейін соңғы кездесуін былтыр 6 қазан күні ирландиялық Конор МакГрегорға қарсы өткізіп, буындыру әдісі арқылы мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Алайда жекпе-жек соңы жаппай төбелеске ұласып, ресейлік спортшы 9 айға спорттан шеттетіліп, 500 мың доллар айыппұл салынған.
МакГрегорға 50 мың доллар айыппұл салынып, алты айға аластатылды.