Экономиканы жан-жақты қолдауға 10 миллиард теңге бөлінеді - Елбасы

Экономиканы жан-жақты қолдауға 10 миллиард теңге бөлінеді - Елбасы

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев экономиканы жан-жақты қолдауға 10 млрд теңге бөлінетінін айтты. «Ұлттық қордан 4,5 млрд долларды бөлуге келістім. Үкіметтің өзінің резерві де сондай. 10 млрд доллардың төңірегінде қаражат экономикаға көмек ретінде берілмек. Осы қыруар қаражатты дұрыс пайдалана алсақ, біраз жерге дейін барамыз. Сол себепті уақтылы қабылданған шаралардың маңызы өте зор», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшысымен кездескен кезде. Елбасы Үкімет қазіргі қиын кезеңде белсенді әрі шұғыл түрде жұмыс жүргізіп жатқанын айтып өтті. «Үкімет қазіргі қиын кезеңде белсенді әрі шұғыл түрде жұмыс жүргізуде. Біз шикізаттық ресурстардан тыс жұмысты күшейту туралы бұған дейін де айттық. Міне, сол бағыттың дұрыстығы сезіліп отыр. Сол үшін қор құрып, индустриялық-инновациялық бағдарламаны бастадық. Бәрі қазір өз жемісін беріп жатыр. Өңдеу өнеркәсібінде, көлік құраудағы өсім – осы уақытқа дейінгі жұмыстың жемісі. Яғни, бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. Тоқсаныншы жылдардан бері бұдан да қиын кезеңдерді бастан өткергенбіз. Бұны да еңсереміз. Ең бастысы – халықтың бірлігі мен тыныштығы керек», - деді ол.