3 қала сусыз, жылусыз және жарықсыз қалды

3 қала сусыз, жылусыз және жарықсыз қалды

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты үш қала сусыз, жарықсыз және жылусыз қалды. Қостанай, Рудный, Лисаковск қалаларында электр беретін құрылғылар мен ағаштар, билбордтар мен ғимараттардың қаптамасы қираған.

"Жарық бар кезде 11 хабарлама түсті. Оның үшеуі электр беру құрылғыларының қирағаны туралы болды. Қазір бүкіл қала бойынша ақпарат анықталып жатыр" - дейді Қостанай облысы әкімдігінің Ахуалдық орталығы басшысының міндетін атқарушы Әлішер Батырбеков.