Нұр-Сұлтанда коронавирусқа шалдыққан 5 науқастың денсаулығы нашар – Сәуле Қисықова

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа шалдыққан 5 науқастың денсаулығы нашар – Сәуле Қисықова

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирус жұқтырған 5 науқастың жағдайы ауыр екенін айтты.

«Елордамызда вирусты жұқтырғандардың саны 222-ге жетті. Оның ішінде, 46 пайызы ер, 54 пайызы әйел адамдар және 43 пайызы 30-49 жасқа дейінгі азаматтар, 27 пайызы 18-29 жасқа дейінгілер, 17 пайызы 50-59 жастағылар, 9 пайызы 60-69 аралығындағы азаматтар, 1 пайызы 70 және одан жоғары жастағылар, 3 пайызы 18-ге толмаған балалар», – деді ол.
Оның айтуынша, жалпы індеттен жазылып шыққандардың саны 28 адамға немесе 13 пайызға жетті. Қазіргі уақытта ауруханаларда 493 науқас ем алып жатса, оның 203-і коронавирустан ем алып жатыр.
«Оның ішінде, 10 науқас – Ақмола облысының тұрғыны. Сонымен қатар 5 науқастың жағдайы ауыр халде. Үшеуі жасанды өкпе желдету аппаратына қосылған. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр. Басқа науқастардың жағдайы қалыпты. Нұр-Сұлтан қаласында 28 қаңтардан бастап 6 315 адам бақылаудан және емдеуден өтті. Оның 202-сі – 18-ге толмаған балалар», – деді Сәуле Қисықова.