Алматыда көшеде себепсіз жүрген 108 адам қамауға алынды
Алматы әкімшілік соты ТЖ режимін бұзуға қатысты 572 істі қарады.
Атап айтқанда, карантин аймағын кесіп өткені үшін 208 құқықбұзушы әкімшілік жазаға тартылған.
«208 адам 5-10 тәулік қамауға алынды. 93 құқықбұзушы 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 3 құқықбұзушы ескерту алды», - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.
Ал карантин мерзімінде әкімшілік жауапкершілікке 57 құқықбұзушы тартылды. Олардың 21-і 5-10 тәулікке қамауға алынса, 34-іне айыппұл салынды. 1 адам ескерту алды. Көшеде себепсіз жүрген 108 адам қамауға алынса, 174 адамға айыппұл салынған, 20 адам ескерту алды. Полиция қызметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін 4 адам 5-30 тәулікке қамауға алынса, 1 адамға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Әкімшілік жазаға «Восход», «Эмиль» ресторан, «Центр шашлыка», «Barbeque» дәмханалары, «Loto Club» ойын залы, «Мечта Маркет» ЖШС, «Genеsys», «Ultimate» ойын клубтары, Sulpak ЖШС, «Arena-s» ЖШС, «Зуго» ЖШС, «Макон», «Фиссман» дүкені, «Любимая посуда» ЖШС, «Beauty group» сұлулық салоны, Шотанов ЖК, «Взлетка» түнгі клубы, «Gevon» ЖШС, Лото Клуб Макон, «Технодом», «Kifs» ЖК, «Бюро переводов БМ63» ЖК, «Даутова» ЖК, «Малика» асханасы, «Шебер» ТҚКС, «MAES» ТҚКС, «Вайлдберриз» ЖШС, Тлебалдиева B.A. ЖШС Shop, «Самат» ЖК, «Прайд» брайд, Байбульсинов ЖК, Excelshop спорт дүкені, «Бал-Мейр» қонақ үйі, «Столоффка» асханасы, «Salahuddin2 дүкені, «Alatau Salyk» ЖК, «OIL CENTER» ТҚКС тартылды.