«Аға ұрпаққа жауапкершілік жүктейді» – Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Оразбаев

«Аға ұрпаққа жауапкершілік жүктейді» – Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Оразбаев

Бүгінде, бүкіл әлем, оның ішінде біздің ел де аса күр­­делі жағдайды бас­тан ке­шіріп және қауіпті ін­дет­пен жан ая­май кү­ресіп келеді. Мұндай жағдай­да мем­ле­кет­тік сараб­дал саясаттың орны бөлек. Сондықтан да елі­міз­дің тұң­ғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бү­гінгі ма­қаласы – ха­лыққа үндеуін үл­кен ықыласпен оқып шықтым. Үндеу Елбасымыздың, ха­лықпен қашанда бірге екенін көрсетеді және халыққа үлкен се­нім береді. Еліміздің сындарлы сая­саты және оның бүгінгі жеміс­терінің бірі – Қазақстанның әлем­дік қауымдастықтың лайықты мү­шесіне айналғаны қауіпті індетпен күрес барысында да көрініп отыр. Бүгінгі аса күрделі ахуал – бүкіл әлемге, біздің халықтың басына да түскен үлкен сын. Осындай сын сағатта мемлекет болып, халық болып бірлігімізді танытуымыз керек. Елбасы үндеуінде ұлт ден­сау­лығы мен мемлекет қауіп­сіздігі бір-бірімен етене, егіз ұғымдар екені, мемлекет бұл қиын­дықтан шығу үшін қолдан кел­геннің бәрін жасайтыны және тиісті шараның барлығын атқаратыны айтылған. «Бірде-бір адам, еліміздің еш­бір азаматы қамқорлықсыз қал­майды», – деді Елбасы. Бұл – аса ізгі сөз. Індетпен күресуге мем­­лекетіміздің қауқар-қуаты жет­кілікті, қар­жылық жағ­дайы, тиісті қоры бар, эко­номикамыздың орнықты екені айтылды. Ал осындай сын сағатта үлкен рухани күш – халқымыз­дың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі. Елбасының аға ұрпаққа, зия­лы қауымға қарата айтқан сөздері бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бізге бірлік керек, «төртеу түгел болса төбедегі келеді» дейді хал­­қымыз. Бұл күндер – әрбір аза­маттың жеке жауапкершілігін та­лап ете­тін күндер. «Жақсы сөз – арым ырыс» дейді халқымыз. Сон­дықтан да алыпқашпа сөздер­ден, жаман ниетті ақпараттардан алыс болайық. Қауіпті дертпен күрес­­тің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер, ел қорғаушылар, өзге де тиісті жұмыстарын атқарып жүр­ген азаматтарға күш-қажыр, төзім тілейік. Мемлекетіміздің осы сын сәтте жүргізіп отырған сая­сатын орталықтарда, жер-жерде жү­зеге асырып отырған басшы аза­мат­тарға үлкен біліктілік, антта­рына адалдық тілейік. «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» дейді Елбасы. Бұл аталы сөзге мен де қосыламын. Осындай сын сағатта бәріміз бірге, сабырлы және аса жауапкершілікте болайық.