Алматыда коронавирустан екі адам жазылып шықты

Алматыда коронавирустан екі адам жазылып шықты

Алматыда коронавирустан екі адам жазылып шықты,  - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Олар 1978 жылы туған ер адам мен 23 жастағы қыз бала. Ер адам 23 наурызда Шарм-эль-Шейх қаласынан ұшып келген, ал қыз 17 наурызда Цюрих- Стамбул-Алматы рейсінің жолаушысы. Екеуінің де ауру деңгейі жеңіл болды. Қазір олар 14 күндік үй карантинінде. Мегаполисте 28 адам емделіп жатыр.