Алматыда 12 медицина қызметкері коронавирусқа шалдыққан

Алматыда 12 медицина қызметкері коронавирусқа шалдыққан

Алматы қаласында бүгінге дейін КВИ-дың 137 расталған оқиғасы тіркелді. Өкінішке қарай, жаңадан тiркелген 14 жағдайдың 12-cі медицина қызметкерлері. 13 жағдай сол жерде байланыста болғандардан және 1 жағдай сырттан жұқтырылған. Оның ішінде 11 әйел және үш ер адам. Инфекция жұқтырған 12 қалалық стационардың қызметкерлер арасында екі дәрігер және 10 медбике бар. Қалған екеуі жергілікті байланыста болған 2000 жылы туылған жас жігіт пен 24 жастағы Куалу-Лумпур рейсімен ұшып келген қыз, олар стационарда. Екі адамның жағдайы полисегментті пневмонияға байланысты ауыр деп бағаланады. Қалғандары – қанағаттанарлық. «Өкінішке қарай, зардап шеккендердің арасында халыққа медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым қызметкерлері арасынан науқастар тіркелген. Біз халықтан үрейленбеуді сұраймыз! Осы санаттағы адамдар карантинге қарамастан өздерінің лауазымдық міндеттерін атқарды. Олар – ауру қаупі бар аймақта тұрған алғашқы адамдардың бірі, өйткені алдыңғы қатарда тұр. Олар емделуші оған мұқтаж болған кез келген жағдайда көмек көрсетті. Олар кез келген адамнан, оның ішінде симптомсыз тасымалдаушыдан жұқтыруы мүмкін. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық тергеу жүргізілуде. Жағдай қаланың жедел штабының бақылауында. Инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша белгілі бір шаралар жүргізілуде. Олармен байланыста болған барлық адамдар іздестіріліп, карантинге орналастырылады» деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев. Бүгінгі күні инфекциялық стационарларда 108 науқас болса (1 облыстық), оның ішінде 4 бала бар. 80 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, 7 адамның жағдайы ауыр, орташа дәрежедегі науқастар – 21 (1 облыстық). 28 адам емделіп шықты. Қайтыс болғандар саны – 2. Провизорлық орталықтарда 138 адам бар, олардың 9-ы бала, 386-i карантинде, ал 5334 адам үй карантинінде.