Тоқаев қазақстандықтарды ғарышкерлер күнімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды ғарышкерлер күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ғарышкерлер күнімен құттықтады. «Баршаңызды бүгінгі тамаша мереке - Ғарышкерлер күнімен құттықтаймын! Қазақстан әлемдік космонавтиканың дамуына зор үлес қосқаны сөзсіз. Байқоңыр - ғарыш кеңістігін игерген адамзат жетістігінің символы. Қазақ ғарышкерлерін мақтан тұтамыз!», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.