Ұлттық арнадан мектеп оқушылары үшін бейнесабақтар көрсетіледі

Ұлттық арнадан мектеп оқушылары үшін бейнесабақтар көрсетіледі

Бүгін, 13 сәуірден бастап еліміздегі орта білім беру ұйымдарына арналған бейнесабақтар Qazaqstan ұлттық телеарнасынан көрсетіледі. Телесабақтар дүйсенбі-жұма күндері таңғы сағат 08:00-ден бастап 11:00 аралығында 1-6 сыныптың оқу пәндері бойынша қазақ тілінде өткізіледі.   Qazaqstan телеарнасын www.qazaqstan.tv ресми сайты мен Qazaqstan.tv мобильді қосымшасынан онлайн көруге болады. Android, iOS платформаларына лайықталған мобильді қосымшаны App Store, Play Market сервистері арқылы тегін жүктеу мүмкіндігі қарастырылған. Бейнесабақтар сонымен қатар Qazaqstan телеарнасының You Tube желісіндегі ресми арнасымен Facebook-парақшасында тікелей трансляцияланады.