Іле Алатауында Қызыл кітапқа енген жан-жануарлар көбейе бастады
Іле Алатауында Қызыл кітапқа енген жан-жануарлар көбейе бастады
Фото: Интернеттен алынды
3,458
оқылды
Іле Алатауында Қызыл кітапқа енген жабайы жануарлар фототұзаққа түсті. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ақсай филиалында Қызыл кітапқа енген жануарларды зерттеу мақсатында жабайы жануарлар мекендейтін жерлерге фототұзақ қойған. Бір фототұзаққа жабайы жануарлар мен құстардың 10 түрі түскен. Оның төртеуі – Қызыл кітапқа енгізілген қар барысы, Тяньшань қоңыр аюы, тас сусары және құмай құсы. https://www.facebook.com/100015658265140/videos/pcb.744259269439342/744258262772776/?type=3&__tn__=HH-R&eid=ARB-2YeiOPCvfik0dMQW0mogty9nRAFfcDxHJ3E9Io1tR3uGF2iVf4tmTwD-oeXo6pH9za4Y9jvMZE1k Бұлардан бөлек орнатылған аппаратты қасқыр, түлкі, қабан, борсық, қоян, құстардан Гималай ұлары келіп, «бақылап» көрген. «Бұл факт ұлттық парк аумағында жануарларды қорғау және өсімін молайту жұмысы дұрыс бағытта жүргізіліп жатқанын дәлелдейді», – дейді Іле Алатауы ұлттық паркінің өкілдері.