«Атбайдың шайқасы» бас жүлде алды

«Атбайдың шайқасы» бас жүлде алды

  Режиссер Әділхан Ержановтың «Атбайдың шайқасы» фильмі 6-шы Якутск Халықаралық кинофес­тивалінің «үздік фильмі» атанды. Бастапқыда фестивальды 18-22 наурыз аралығында Якутск қала­сында толыққанды форматта өткізу жоспар­ланған болатын, алайда коронавирус інде­тіне байланысты оны «жабық режим­де» өткізіп, тек қазылар алқасы үшін қа­тысушы фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылып, жеңімпаздарды жа­риялау туралы шешім қабылданды. Халықаралық қазылар алқасын ресейлік кинорежиссер Борис Хлебников («Коктебель», «Аритмия») басқарды, сондай-ақ оның құрамына режиссерлер Эдуард Новиков пен Элла Манжеева кірді.

– Фестиваль командасы мен бағдар­ламалық директор Алексей Медведевке алғысым шексіз! Мұндай қиын уақытта кино мен өнер үшін күресетін нағыз жа­нашырлар бар екенін мойындауымыз керек. Сонымен бірге қазылар алқа­сы­ның барлық мүшесі мен менің сүйікті ресейлік режиссерларымның бірі Борис Хлебниковқа «Атбайдың» жеңуіне мүмкіндік бергені үшін рақмет. Сондай-ақ фильмнің бүкіл командасын осы жеңіспен құттықтаймын және бар­шаңыз­ға денсаулық тілеймін! – деді режиссер Әділхан Ержанов.
 

Назгүл ЕРЖАН