Спорттық іс-шаралар бір жарым жыл бойы өтпеуі мүмкін - ғалымдар

Спорттық іс-шаралар бір жарым жыл бойы өтпеуі мүмкін - ғалымдар

Германияның Ұлттық ғылым академиясының президенті Геральд Хауг спорттық іс-шаралар алдағы бір жарым жылда өтпеуі мүмкін екенін айтты, -  деп хабарлайды prosports.kz. – Жақсы да, жаман да жаңалық бар. Мұның бәрі бірнеше айдан бір жарым жылға дейін созылуы мүмкін, – дейді ол. Неміс ғалымдары әлемдегі және елдегі жағдайды зерттеп, ел билігіне есеп берді.  Айта кетейік, 23 сәуір күні неміс клубтарының басшылары онлайн жиналыста ел чемпионатын мамыр айында жанкүйерсіз жалғастыру мәселесін шешеді.