Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері болып тағайындалды

Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері болып тағайындалды

Алматы қаласының жаңа бас санитар дәрігері тағайындалды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен 2020 жылғы 18 сәуірден Жандарбек Бекшин Алматы қаласының бас санитар  дәрігері болып тағайындалды. Бекшин 1958 жылдың 5 қаңтарында дүниеге келген. 1982 жылы Свердлов мемлекеттік медициналық институтын «Гигиена, эпидемиология, санитария» мамандығы бойынша тамамдаған, медицина ғылымдарының кандидаты.