Әлемдік университеттерден шақырту алды
Әлемдік университеттерден шақырту алды
249
оқылды
Алматы қаласы физика-ма­тематика бағытындағы Назар­баев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары  Аяжан Әлихан мен Айнұр Алкеева әлемнің үздік уни­верситет­теріне оқуға түсті. Аяжан 8 ЖОО-дан шақырту алса, Айнұрға 5 университет грант ұсынған. Аяжан Әлиханға шақырту жіберген Northwestern University (Doha, Qatar), Yonsei University (Seoul, SK), Yale-NUS College (Singapore), Koc University (Istanbul, TR), Fordham University (NY), Pace University (NY), Northwestern University (Chicago, IL), University of Miami (Miami, FL) сияқ­ты белді оқу орын­дары. Барлығы әлемдегі 100 үз­дік университет қатарына кіреді. Тізімдегі төрт жоғары оқу орны түлекке толық грант, қал­ғаны жар­тылай грант ұсынып отыр. Аяжан мектепте жобалық жұ­мыс­пен айналысады. Ол меди­цина мен экологиядан өткен рес­­­пуб­ликалық кон­курстар­дың, Санкт-Петер­бург пен Парижде өт­кен халық­аралық конферен­ция­­лардың жүлделі орын иегері. Youth for Understanding америкалық коммерциялық емес ұйы­мында тағылымдамадан өткен. Еnvision Scholars әйгілі жазғы алмасу бағ­дарламасының қатысушысы. Ака­демиялық жетістіктері үшін мектеп атынан 2018 жылы Колумбия универ­ситетінің жазғы бағдар­лама­сына да ұсынылған. Аяжан мектептің және Алматы қаласының қоғамдық өмірінен де алшақ емес. БҰҰ моделі клубының (MUN club) негізін қалаушылардың бірі. «Еріктілер лигасы» мен Recycle Birge әлеуметтік қоғамдық қозғалысында волонтерлік тәжіри­бесі бар. Сондай-ақ International Global Network жастарды дамыту ұйымының белсенді мүшесі, со­ның арқа­сында ол Малайзияның аста­­насы Куала-Лумпур мен Гер­ма­нияның Нюрнберг қала­сында өткен халықаралық кон­ференцияларға қатысуға мүмкіндік алған. Ал Айнұр Алкеева biome­dical engineering маман­дығы бойынша Norwich University-дің (АҚШ) білім гран­ты­на ие болды. Түлек жыл сайын әлемнің үздік 25 та­лап­­керін ғана қабылдай­тын Honors Program беделді уни­верситеттік бағдарламасына тапсырған. Сондай-ақ Айнұр тағы 5 аме­ри­калық жоғары оқу орнынан шақырту алып отыр. Олар: Purdue University, The University of Arizona, University of Houston, Fisher College және Whitworth University. Айнұр – қазақстандық сту­денттер арасындағы пі­кір-сайыс турнирлердің бір­неше дүр­кін фи­налисі, Technovation бай­қауы­ның республикалық кезеңінің жеңім­пазы, Hackathon бай­қауы мен ЮНЕСКО клубы кон­­ферен­цияларының қа­тысу­­шысы. Қа­зақстан БҰҰ-да во­лонтерлік қыз­мет­пен айна­лысады. Сонымен бірге мек­­тептің өзін-өзі басқару жүйе­­сінің мүшесі, NIS Paper мек­теп газетінің авторы және Exponenta Magazine жур­на­лының негізін қалаушылар­дың бірі.  

Барыс НҰРЛАН