Алматы облысында бір отбасының алты мүшесі коронавирус жұқтырған. Осылайша облыстағы науқастардың саны 60-тан асты, - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
22 сәуір сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында тағы жеті адам COVID-19 жұқтырды. Олардың алтауы - Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының 1957, 1980, 1987, 2001, 2013 және 2016 жылғы тұрғындары. Олардың барлығы бір отбасынан шыққан. Барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.
"Іле ауданында тағы бір адам коронавирус жұқтырды. Талғар ауданының 1994 жылғы тұрғыны. Ол Қарасай ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Ол науқаспен байланыста болған. Байланыста болған 25 адам анықталды. Олар дәрігерлердің бақылауында", - делінген хабарламада.