Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында 19 қазақстандық ұсталды, - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
"18 сәуірде Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында елде заңсыз жүрген Қазақстанның 19 азаматы төбелес шығарды. Оқиға орнына барған полицейлер 19 қазақстандықты ұстады", - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Смадияров Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын айтты.
"Біздің дипломаттар бұл мәселені бақылауда ұстап отыр, жергілікті полиция мен көші-қон қызметімен байланыста", - деді Смадияров.
https://www.youtube.com/watch?v=dlcK1HNIlCA&feature=emb_logo