Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адам туралы ақпарат (22.04.2020 жылғы сағат 22:50-дегі мәлімет бойынша) ⠀ Қауіпті инфекция Өскемен қаласының тұрғынынан анықталып отыр. 1971 жылғы ер азамат COVID-19-ды жұқтырғаны 21 сәуірде анықталған адаммен жақын байланыста болғандықтан, тексеруден өткен. 22.04.2020 жылғы анализ қорытындысы оның да коронавирусты жұқтырғанын көрсетті. ⠀ Эпидемиологиялық анамнез бойынша облыстан тыс жерлерге, басқа елдерге шықпаған. Науқас оқшауланып, тиісті ем қабылдап жатыр. Жағдайы орташа дәрежедегі ауырлықта. Қазіргі уақытта онымен қарым-қатынас жасаған азаматтарды анықтау және оқшаулау, эпидемиологиялық тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. ⠀ 22.04.2020 ж. жағдай бойынша облыста жалпы 12 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.