Семейге жаңа мәртебенің берілуі мен болашағы талқыланды

Семейге жаңа мәртебенің берілуі мен болашағы талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев неліктен Семейге тарихи орталық мәртебесі берілгенін түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Менің шешімім бойынша, Семейге тарихи орталық мәртебесі берілді. Бұл жай атау ғана емес. Ол үшін біраз жұмыс істеу қажет, осындай тарихи қаланың тұрғындары үкімет тарапынан назар аударылып жатқанын сезінуі қажет. Меніңше, сіздер бұл жұмысты атқара аласыздар. Таяуда өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын талқылап, кездесу өткізген болатынбыз, көрсеткіштер жақсы. Бұқтырма су қоймасына көпір салу мәселелесімен айналысамыз. Бұл әлеуметтік маңызы бар нысан, ол халыққа пайдасын тигізгеннен бөлек, инвестиция тартуға ықпалын тигізеді. Осы мәселемен айналысуды өтінемін», – деді Қасым-Жормарт Тоқаев. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің баяндамасынан соң Семей қаласының болашағы жайлы кеңінен талқыланды.