Тұрғындар тұшымды жауап алды

Тұрғындар тұшымды жауап алды

Nur Otan партиясы Ал­ма­ты қалалық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Станислав Кан­куров Nur_otan_almaty ресми парақшасында тікелей эфирде #BizBirgemiz акциясы аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, тұрғындардың сұрағына жауап берді.

– Бәріңізге мәлім, әлемде ко­­ронавирус пан­демиясының та­ралуына байланысты Елбасы – Nur Otan партиясы Төрағасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың бас­тамасымен мұқтаж адамдарды қолдау үшін бірқатар кешенді шаралар ұйымдастырылды. Рес­публикада #BizBirgemiz қоры, сондай-ақ аймақ­тарда да өңірлік қорлар құрылды. Біздің өңірлік қорымыз «Алматы бір­геміз» деп аталады. Соңғы екі аптаның ішін­­де 5 санат бойынша аза­мат­тарға көмек көрсеттік. Әрбір тиісті азаматтың есеп­шотына автоматты түрде 50 мың теңгеден ауда­рылды. Кейбір азаматтардың жеке есепшоттары болмаған­дық­тан, «Қазпошта» арқылы курьер­лермен көмек жет­кізіледі. Осы күнге дейін бар­лығы 23 472 адам көмек алды, – деді Nur Otan пар­тиясы Алматы қалалық фи­лиалы төраға­сының бірінші орын­ба­сары Станислав Канкуров.
Тікелей эфир барысында тұрғындардан көптеген сұрақ ке­ліп түсті. Олардың бірі «BizBirge­miz қорынан неше рет көмек бе­ріледі?» деп сұрады. Бұл сұрақ­қа бір санат бойынша бір адамға бір-ақ рет көмек біріле­тіні, келесі кезеңде басқа санат­тағы азамат­тарға көмек көрсе­тілетіні айтыл­ды. Сондай-ақ тұр­ғындар тара­пы­нан азық-түлік себеттері ту­ралы да сауалдар жолданды. Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары азық-түлік себеттері негізінен демеу­шілер көмегі есе­бінен көр­сетілетінін, ұйым­дас­тырушылар мүмкіндігінше нағыз мұқтаж жандарды барынша қам­туға ты­рысып жатқанын айтты. Әңгіме арасында карантин жа­рия­лан­ғалы бері 6 000 аза­матқа азық-түлік себеттері таратылғаны хабарланды. Эфир кезінде тұрғындардан түскен сұрақтардың бірқатарына жауап берілді. Азаматтардың көп­шілігі қиын шақта қандай көмек алуға болатынын сұраса, көмек алып, қолдауды сезінген тұрғын­дар жағы пар­тия­лықтарға алғы­сын айтып, ризашы­лығын білдірді.  

Гүлнар ТӘЖИЕВА