Nur Otan партиясы «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, кәсіпкерлерді қолдаудың барлық мүмкіндігін қарастырады

Nur Otan партиясы «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, кәсіпкерлерді қолдаудың барлық мүмкіндігін қарастырады

Nur Otan партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау бойынша республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Мейрам Пшембаев коронавирус пандемиясы салдарынан табысын жоғалтқан кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілетінін айтты. Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы салдарынан әлемнің көптеген елдерінде экономика өсімі баяулап, өнеркәсіп орындары тұралап қалған.

«Коронавирустың кесірінен Қазақстан экономикасы да зардап шегіп отыр. Сондықтан, мемлекет бизнеске қолдау көрсетуде. 1 қазанға дейін кәсіпкерлер салық және әлеуметтік төлемдерден босатылып, әлеуметтік маңызды тауарларға ҚҚС 8% дейін төмендетілді. «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша қаржыландыру көлемі артты. Жалпы, кәсіпкерлікті қолдау шараларына алты триллионнан астам теңге бөлінді», — деп жазды Мейрам Пшембаев Facebook-тегі парақшасында.
Оның айтуынша, Nur Otan партиясы  «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, кәсіпкерлерді қолдауға бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалайтын болады. Бұдан басқа, ол мемлеккеттік қолдау көрсетілетін кәсіпорындарға тоқталды. «Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасаған мәлімдемесінде жүйе түзуші кәсіпорындар тізіміне экономикамыз үшін маңызды компаниялар кіруі тиіс екенін айтты», – деп жазды ол. Мейрам Пшембаевтың айтуынша, бұл шаралар отандық кәсіпорындар жұмысын қолдауға және қазақстандықтырдың жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік береді.