Алматыдағы №2 перзентхана карантинге жабылды

Алматыдағы №2 перзентхана карантинге жабылды

Мәлім болғанындай, қабылдау бөліміне келген аяғы ауыр келіншектен COVID-19 анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24». Ол бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болған екен. Алайда, бұл ақпаратты келіншек алғашында жасырған. Мекемедегі барлық қызметкер мен науқастарға ауруды анықтайтын тест жасалды. Пациенттерді басқа медициналық мекемелерге ауыстыру немесе үй карантиніне жіберу шарасы қолға алынды. Ал перзентханаға зарарсыздандыру шарасы жүргізіліп, жүкті әйелдерді қабылдау тоқтатылды. COVID-19-ға тағы бір мәрте тексеру жүргізілмек. Вирус анықталмаған жағдайда, перзентхана қалыпты жұмыс тәртібіне көшеді.