Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге коронавирустан тез айығуды тіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге коронавирустан тез айығуды тіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинге коронавирустан тез жазылуды тіледі. «Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге тезірек сауығып кетуді тілеймін. Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы күресте бірге белсенді жұмыс істеп жатыр. Біз бірлескен күш-жігердің арқасында туындаған қиындықтарды жеңетінімізге сенімдімін», – деп жазды Қазақстан Президенті  Twitter-дегі парақшасында. Бұған дейін Ресей премьер-министрі коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. Михаил Мишустин РФ президенті Владимир Путинге коронавирус жұқтырғанын, өзін-өзі оқшаулауға кеткенін мәлімдеген болатын.