Вирусқа байланысты Мақтаарал ауруханалары тексеріліп жатыр
Вирусқа байланысты Мақтаарал ауруханалары тексеріліп жатыр
Фото: Интернеттен алынды
5,213
оқылды
Мақтаарал ауруханаларында  COVID-19 инфекциясымен ауырған науқастар жоқ. Қазіргі таңда аталған аймақта 4 елді мекеннен 5400 адам эвакуацияланды. Тұрғындардың біразы туыс-туғанына кетсе, үш мыңға жуығы Мақтаарал ауданы, Атакент кентіндегі 10 мектепке бөліп орналастырылды. Азық-түлік, ыстық тамақпен толық қамтамасыз етілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Жетісай ауданындағы инфекциялық ауруханада облыс бойынша 32 науқас ем алып жатса, Мақтаарал ауданының ауруханаларында бірде-бір науқас жоқ. Дәрігерлер індеттен сақтау бойынша барлық шараны қолға алды. Халыққа антисептик, бетперде, қолғап тегін таратылып, әр азаматтың дене қызуы тепловизормен тексерілуде.