COVID-19: Алматыда бір тәулікте 47 адам сауығып шықты

COVID-19: Алматыда бір тәулікте 47 адам сауығып шықты

Алматыда бүгін сағат 17.00-дегі мәлімет бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың расталған 1 278 жағдайы тіркелді.  Жаңа жағдайлар – 38. Оның ішінде 3-уі үй ошағынан, қалғандары вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар. Вирусы жаңадан анықталған адамдармен байланыста болған барлық жақын адамдары табылды және карантинге орналастырылды. Жұқпалы аурулар стационарларында COVID-19 вирусынан бүгінгі күні 1111 пациент емделуде. 2 адамның жай-күйі өте ауыр, 25 адамда – ауыр, 263-інде ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында – қанағаттанарлық. Кеше Алматыда коронавирус инфекциясынан 30 адам және бүгін 17 адам сауығып, ауруханадан шығарылды. Мегаполисте тәулігіне емдеуден шығарылғандар саны – 47 адам. Бүгін Орталық қалалық клиникалық аурухананың 9 медицина қызметкері және вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 8 адам, кеше Орталық қалалық клиникалық аурухананың 15 медицина қызметкері, 1 санитарлық дәрігер, 2013 жылы туған 2 бала, №17 қалалық емхананың 1 медицина қызметкері және вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 11 адам емдеуден шығарылды. Қазіргі уақытта Алматыда жалпы 159 адам сауығып, отбасына оралды.