EXPO-2020 келер жылға ауыстырылды

EXPO-2020 келер жылға ауыстырылды

Абу-Дабиде өтуі тиіс EXPO-2020 халықаралық көрмесі келесі жылдың қазан айына ауыстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы халықаралық көрме бюросы мәлімдеді. Әлемдік деңгейдегі маңызды іс-шара осы жылдың 20 қазанында ашылуы керек еді. Көрмені келер жылға көшіру шешімі Біріккен Араб Әмірліктері билігінің  өтініші бойынша қабылданды. Оған коронавирус пандемиясының әлем елдерінде жаппай таралуы себеп болған. Жалпы, ЭКСПО-ға алдын ала болжам бойынша жаһаннан 11 миллион турист келеді деп жоспарланған.