FlyArystan Таразға ұшуды тоқтатады

FlyArystan Таразға ұшуды тоқтатады

FlyArystan әуекомпаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Таразға қатынауды тоқтататынын мәлімдеді. Бұл шешім COVID-19 салдарына байланысты, ал компания қайта ұшуды экономикалық тұрғыдан пайдалы бағдарлардан бастауды жөн көрді. Естеріңізге сала кетсек, Алматы-Тараз-Алматы бағыты бойынша лоукостер 2019 жылдың мамырында, ал Нұр-Сұлтаннан Таразға былтыр қазаннан бастап қатынай бастаған еді. Осылайша FlyArystan ұсына бастаған қолжетімді әуеқатынастың арқасында, өткен жылдың 4-ші тоқсанында Әулие-Ата әуежайының жолаушылар саны 673% өсті. Әуетасымалдаушының ойынша Тараз – сұранысы жоғары бағдарлардың бірі, себебі Жамбыл облысының бас қаласына 2019-дың мамырынан бастап 143 000 жолаушы әуесапар орындап, борттың орташа жүктеме коэффициенті 91% құраған екен. Ал  FlyArystan операциялық жұмысын атқара бастағалы сапар шеккен жолаушының 75% билеттерін 10 000 теңгеге дейінгі бағаға алып, саяхаттаған. Тараз нарығы бағаның өзгеруіне осал болып келеді, тұтынушы саяхат үшін төлеуге дайын бағасы әуетасымалдаушының рейске байланысты негізгі шығындарды өтемейтінін атап өтті. Нақтылай кетсек – ол Тараз-Алматы сияқты қысқа аймақтық рейстер үшін төленетін әуежай қызметтерінің құны. Олар барлық шығынның 1/3 бөлігін құрайды екен. Келешекте FlyArystan Таразға қайтып оралуды қарастыруға дайын. Бұл экономикалық жағдайдың өзгеруіне тікелей байланысты. Бұған дейін билеттерді flyarystan.com сайтынан немесе лоукостердің байланыс орталығы арқылы сатып алған жолаушыларға билеттің толық құны автоматты түрде қайтарылады (әуекомпанияға хабарласудың қажеті жоқ). Билетті агенттікте (касса, турфирма, онлайн-агентсттік немесе басқасында) сатып алынған болса, онда билет алған жерге хабарласу керектігін компанияның баспасөз қызметі хабарлады.