COVID-19: Шымкентте 4 адамнан анықталды

COVID-19: Шымкентте 4 адамнан анықталды

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам тіркелді Вирус жұқтырғандар 1987, 1988, 1994 жылы туған азаматтар. Олар ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Сондай-ақ 1955 жылғы ер кісі өзіне дейін вирусты жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Ол карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті  ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аталған қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 233 адам анықталды.