Әзілкеш дүкенге барып коронавирус жұқтырды

Әзілкеш дүкенге барып коронавирус жұқтырды

Ресейлік әзілкеш  Анатолий Трушкин коронавирус жұқтырды. 78 жастағы әзілкеш вирусты нақты қайдан жұқтырғаны өзіне белгісіз екенін айтады. Алайда белгілі болғандай,  ол оқшаулау режимін ұстанған және жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне ғана барған. Ол қазір осы үшін де өзін кінәлі санайды.  «Бұл індетке бұлай «мейіріммен» қарауға болмайды. Олай істемеу керек еді», – дейді әзілкеш. Анатолий Трушкиннен 9 мамыр күні коронавирус белгілері анықталып,  Мәскеудегі №52 ауруханаға жатқызылған. Оның сөзінше, дене қызуы 38 градус деңгейін ұстап тұр. Lenta.ru жазуынша, дәрігерлер оған плазма құйған. Ақ халаттылар денсаулығының жақсаруынан үмітті екенін айтады.