komtolem.kz: Елордада 15 мың теңгелік коммуналдық өтемақыны алуға арналған сайт іске қосылды

komtolem.kz: Елордада 15 мың теңгелік коммуналдық өтемақыны алуға арналған сайт іске қосылды

Елордада 15 мың теңгелік коммуналдық өтемақыны алуға арналған сайт іске қосылды. Сайтта коммуналдық қызметтер төлемін өтеуге өтініш беруге болады. Тұрғынның тізімде бар-жоғын сайтта ЖСН-ды теріп тексеруге болады. «Егер сіз коммуналдық қызметтер үшін өтемақы төлемі берілген санатқа жатсаңыз, бірақ сіздің ЖСН деректер базасында болмаған жағдайда +7 (7172) 28-09-59 нөмері бойынша хабарласуды сұраймыз», делінген хабарламада. Еске сала кетсек, кеше қала әкімдігі коммуналдық өтемақыны алуға өтінім қабылдау үшін екі алаңды ұсынды. Бірі - komtolem.kz сайты, екіншісі - Komtolem Telegram боты. «Коммуналдық қызмет үшін төлем «Астана ЕРЦ» ЖШС шотына ақшаны аудару жолымен жүргізіледі. Жақында ғана Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ережелерге өзгеріс енгізген еді. Ендігі кезекте әлеуметтік әлсіз топтағы отбасының мүшесі өтінімді бере алады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен. Айта кетерлігі, астанада әлеуметтік әлсіз топқа жататын 164 мың адам бар.